Өскемен қалалық мәслихатының кезекті сессиясында қаланы дамыту мәселелері қаралды.

Өскемен қалалық мәслихатының кезекті сессиясында қаланы дамыту мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, Өскемен қаласының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын түзету, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, ландшафтық шеберлік -жоспарлары мен көгалдандыру сапасының стандарттарын әзірлеу, сондай-ақ қаланың жылу желілері мен Шнайдер көпірін қайта жаңарту жөніндегі іс-шараларды енгізу туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, халықтың жеңілдетілген санаты үшін, сондай-ақ апатты немесе тозығы жеткен тұрғын үйлерде тұратын тұрғындар үшін тұрғын үй салу мәселесі қаралды.

Қала әкімдігіне қабылданған шешім шеңберінде ескі тұрғын үйлерді жөндеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, ескірген тұрғын үй қорын ағымдағы жөндеуге қаражат бөлу мәселесін пысықтау, апатты және ескірген көппәтерлі тұрғын үйлерді бұзу арқылы меншік иелерін 2029 жылға дейін жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын іске асыруды қамтамасыз ету ұсынылды. Құрылыс бөлімі сапа мен қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, 2026 жылы тапсыруға жоспарланған көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын белгіленген мерзімде аяқтауы қажет.