2026 жылғы 22 ақпанда Өскемен қалалық мәслихатының I, II және III шақырылымдарының депутаты, жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы болған Василий Иванович Самойлов өмірден озды.

2026 жылғы 22 ақпанда Өскемен қалалық мәслихатының I, II және III шақырылымдарының депутаты, жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы болған Василий Иванович Самойлов өмірден озды.

Василий Иванович өз өмірін туған қаласы мен оның тұрғындарына қызмет етуге арнады. Өзінің кәсіби қызметі барысында ол депутаттық корпус құрамында қала тұрғындарының мүдделерін лайықты қорғады, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге белсенді қатысты, Өскеменде жергілікті
өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға және нығайтуға ықпал етті.

Өскемен қаласының депутаттық корпусы мен қалалық мәслихат аппаратының қызметкерлері Василий Ивановичтің отбасына, туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Ол туралы жарқын естелік әріптестері мен қала тұрғындарының жүрегінде мәңгі сақталады.