Өскемен қалалық мәслихатында кезектен тыс сессия өтті

Өскемен қалалық мәслихатында кезектен тыс сессия өтті

Өскемен қалалық мәслихатында кезектен тыс сессия өтті, оның барысында бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтарын ескере отырып, депутаттар бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік маңызы бар  іс-шараларды қаржыландыруды қолдады.

Атап айтқанда, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қызмет алушылар санының артуына байланысты штат санын кеңейтуге, сондай-ақ тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қосымша қаражат көзделген. Бұдан басқа, әлеуметтік жәрдемақыларды есепке алу, төлеу және жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеуге қосымша шығыстар жоспарлануда.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне автомобиль жолдарына орташа жөндеу жүргізуге, газ тарату қондырғыларын ағымдағы жөндеуге, мамандандырылған техника сатып алуға, электрмен жабдықтау желілерін күтіп-ұстау және жөндеу бойынша жұмыстарды орындауға, сондай-ақ қараусыз қалған жануарларды аулауға және күтіп ұстауға қаржыландыру ұлғайтылды.

Құрылыс бөліміне қаланың 19 тұрғын ауданында кварталішілік су бұру желілерін (дренаж жүйесін) салуды бастауға қаражат қарастырылды.