
2026 жылғы 05 ақпанда Өскемен қалалық мәслихаты депутаттарының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылау жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында Конституцияның жаңа редакциясында адам мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекітілгені атап өтілді. Еліміздің ұзақ мерзімді дамуының негізгі факторлары ретінде адами капиталды дамытуға, білімге, ғылымға және инновацияларға ерекше назар аударылады. Конституциялық реформа-бұл соңғы жылдардағы даму процестеріне негізделген салмақты және ойластырылған шешім.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Конституцияның жаңа редакциясын одан әрі түсіндірудің және оны талқылауға жұртшылықтың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.