
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 4 994 дәрілік препаратқа бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін шекті бағаларды бекітті.
Мониторинг қорытындысы бойынша қаланың бірқатар дәріханаларында дәрілік заттардың шекті бағаларын сақтамау фактілері анықталған жоқ. Сонымен қатар, анальгин, гепарин және цефтриаксон және басқаларын қоса алғанда, жекелеген сұранысқа ие дәрілік препараттардың болмауы тіркелді.
Қоғамдық кеңес Өскемен қаласының дәріханаларында әлеуметтік маңызы бар дәрілік препараттарға шекті бағалардың сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.