Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттар қабылдаған маңызды шешімдердің бірі Өскеменнің ауылдық елді мекендерінде денсаулық сақтау, білім беру және ветеринария саласындағы қызметкерлерге әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну болып табылады. Осылайша, қызметкерлердің осы санаты үшін айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшеріне тең сомада көтерме жәрдемақы, сондай-ақ айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит белгіленеді.
Сондай-ақ Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары бекітілді. Осы актімен мереке және атаулы күндерге орай ақшалай төлемдер берілетін азаматтардың санаттары айқындалады, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету тәртібі айқындалады.