Өскемен қалалық мәслихатының депутаттары кезекті сессияда жаңа нормативтік-құқықтық актілерді қабылдап, оларға өзгерістер енгізді.
Атап айтқанда, қала тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету бөлігінде өзгерістер енгізілді. Азаматтардың осал санаттарын әлеуметтік қолдау және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту мақсатында қаланың әлеуметтік осал тұрғындарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеуде көрсетілетін көмекті есептеуде өзгерістер және тұрғын үй көмегін көрсету бойынша құжаттарды қарау мерзімдерін 8-ден 6 жұмыс күніне дейін қысқарту көзделеді.
Бұдан басқа, азаматтардың әлеуметтік осал санаттарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін тұрғын үй сертификаттарын беру туралы шешім жобасы қаралды. Тұрғын үй сертификатының бірыңғай мөлшері 1 500 000 теңге мөлшерінде белгіленді. Бұл ипотекалық қарыз бойынша бастапқы жарнаны ішінара жабуға мүмкіндік береді және халықтың әлеуметтік осал топтары үшін елеулі қолдау болады.