Өскемен қалалық мәслихатында қараусыз қалған жануарларды аулау және ұстау бойынша тиімді шараларды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Өскемен қалалық мәслихатында қараусыз қалған жануарларды аулау және ұстау бойынша тиімді шараларды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Кездесу барысында қараусыз қалған жануарлардың санын азайту, оларды ұстау жағдайларын жақсарту бойынша өзекті шаралар талқыланды.

Бүгінгі күні, жұмыс тобының бұрын әзірленген ұсынымдарына сәйкес, Өскемен қаласында қаңғыбас жануарлардың жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар іс-шаралар іске асырылды. Атап айтқанда, ағымдағы жылы:

  • қаңғыбас жануарларды зарарсыздандыруға қосымша қаражат бөлінді;
  • зообақылау ұйымдарының өкілдерін тарта отырып, қараусыз қалған жануарларды аулау ұйымдастырылды;
  • жеке баспаналармен ынтымақтастық орнатылды - Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы жануарларды вакцинациялау және зарарсыздандыру жұмыстарына мониторинг жүргізді;
  • үй жануарларын чиптеу жұмыстары жанданды.

Отырыс қорытындысы бойынша үй жануарлары иелерінің жауапкершілігін арттыруға және қоғамда жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бірқатар қосымша ұсыныстар әзірленді.

  • қараусыз қалған жануарларды чиптеу, оларды баспаналарда уақытша ұстау және аулау, вакцинациялау және зарарсыздандыру көлемін ұлғайту;
  • халықтың әлеуметтік осал санаттарындағы үй жануарларын чиптеу үшін бюджет қаражатын бөлу мүмкіндігі;
  • ірі қалалық қауымдастықтарда әлеуметтік желілерде баспаналардағы жануарлар туралы оларды үйге тұрақты ұстауға шақырумен ақпараттар орналастыру;
  • қаланың жоғары оқу орындарының студенттері арасынан осы бағыт бойынша еріктілерді қолдау шараларын әзірлеу.

 

Жұмыс тобы мемлекеттік органдардың, депутаттар мен қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіре отырып, өз қызметін жалғастырады.