Өскемен қалалық мәслихатының уақытша комиссиясы 2026-2028 жылдарға арналған бюджет жобаларын қарады

Өскемен қалалық мәслихатының уақытша комиссиясы  2026-2028 жылдарға арналған бюджет жобаларын қарады

Өскемен қалалық мәслихатында Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған 2026-2028 жылдарға арналған бюджет жобасын қарау жөніндегі уақытша комиссияның отырысы өтті.

Комиссия жұмысы барысында бөлім басшысы тыңдалып, ұсынылған материалдар зерделенді. Қарау нәтижелері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ұсынымдар берілді: Орталықтағы адамдардың нақты санын ескере отырып, Қайта әлеуметтендіру орталығындағы шығындарды оңтайландыру, оларды қала аумағының тазалығын сақтау бойынша коммуналдық ұйымдардағы жұмыстарға тарту мүмкіндігін қарастыру, сондай-ақ инватакси қызметтеріне бюджеттік өтінімді нақты қажеттілікке дейін ұлғайту.