
Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді.
Сессияда қабылданған шешімдер ведомствоаралық комиссиялар жұмысының тиімділігін арттыруға және кадрлық өзгерістерге сәйкес олардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.