Өскемен қалалық мәслихатында Өскемен қаласында тасымалдаушыларды субсидиялау тәртібін қарау бойынша қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Өскемен қалалық мәслихатында Өскемен қаласында тасымалдаушыларды субсидиялау тәртібін қарау бойынша қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Өскемен қалалық мәслихатында әкімдік бөлімдерінің, «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС («ONAY!») филиалы өкілдерінің, Жолаушылар тасымалын басқару орталығы ЖШС, сондай-ақ қалалық тасымалдаушылардың қатысуымен Өскемен қаласында тасымалдаушыларды субсидиялау тәртібін қарау бойынша қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Кездесу барысында қалалық қоғамдық көлікте жол жүруге арналған есептік тарифті қалыптастыру тетігі егжей-тегжейлі қаралды, жолаушылар тасымалына арналған тариф қалыптастырылатын негізгі құрамдас бөліктер, сондай-ақ тасымалдаушыларды бюджеттен субсидиялау тәртібі талқыланды.  

Сонымен қатар, қосымша танысу үшін мәслихат депутаттары «ONAY!»  орталығына барды, онда қоғамдық көлік жұмысының мониторингі жүйесімен және жол ақысын төлеудің электрондық жүйесінің жұмыс істеуімен танысты. Бұдан басқа, қалалық маршруттардың ұзақтығына егжей-тегжейлі талдау жүргізілетін болады.

Кездесу қорытындысы бойынша депутаттар қоғамдық көлік жұмысын жақсартудың және қозғалыс кестесін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.