2025 жылғы 28 қазанда Өскемен қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді. Өтетін орны: Пермитин к-сі, № 201 каб. Өткізу уақыты: сағ. 16:00.
Отырыста келесі мәселелер талқыланады:
1. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де Мемлекеттік қызмет көрсету туралы.
2. "Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-де ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен сыбайлас жемқорлық көріністерін талдау.
3. "Өскемен қаласында медициналық қызмет көрсету сапасы, алғашқы медициналық-санитарлық және жедел медициналық көмек көрсету туралы".