Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында жолаушылар көлігі кәсіпорындары басшыларының қатысуымен Өскемендегі жолаушылар тасымалының жай-күйі мен даму перспективалары туралы мәселе қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша жауапты құрылымдарға халыққа көліктік қызмет көрсету сапасын кешенді жақсарту бойынша ұсыныстар берілді. Атап айтқанда, ең жоғары жүктемелерді ескере отырып, негізгі маршруттардағы қозғалыс кестелерінің жеткілікті санын қамтамасыз етуге; әсіресе кешкі уақытта және қаланың шалғай аудандарында кестенің сақталуын бақылауды күшейтуге; неғұрлым сұранысқа ие бағыттарды анықтау және жаңа бағыттарды ашу мақсатында «ONAY!» жүйесін қолданып жолаушылар ағынына талдау жасауға басты назар аударылды.
Сондай-ақ жүргізушілер мен кондукторлардың жолаушылармен жұмысы бойынша бірқатар ұсыныстар берілді: әдеп ережелерін сақтау, көлікте темекі шегуге тыйым салу, сондай-ақ мүгедек адамдарға көмек көрсету. Бұдан басқа, тасымалдаушыларға қоғамдық көлік қызметкерлері үшін бірыңғай киім үлгісін енгізу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.
«ONAY!» жол ақысын төлеу жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге, оның жұмыс істеуі туралы жолаушыларды уақтылы хабардар етуге және пайдаланушылардың шағымдарына ден қоюға ерекше назар аударылды.