Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары!
2025 жылғы 15 тамызда Өскемен қаласының Қоғамдық кеңесі мүшелерінің азаматтарды қабылдауының жаңартылған кестесі бекітілгенін хабарлаймыз.
Қыркүйек айынан бастап қабылдау ЦТУ филиалдарында айдың әр 1-ші және 3-ші сәрсенбісінде сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қала тұрғындарын қоғамдық қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша Қоғамдық кеңес мүшелеріне жеке өтініш жасау мүмкіндігін пайдалануға шақырамыз. Тіркелу және қосымша ақпарат алу үшін 8 (7232) 26 43 48 телефондары бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.