Өскемен қалалық мәслихаты аппаратының қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық жобасы аясында өтіп жатқан «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қосылды. Іс-шараның негізгі мақсаты - халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және дамыту және қала аумағында тазалықты сақтау.
Мұндай акциялар тазалық пен тәртіп орнатуға ғана емес, сонымен қатар экология мәселелерінде азаматтардың сана-сезімін арттыруға да ықпал етеді. Қалалық мәслихат аппараты барлық қатысушыларға алғыс білдіреді және қала тұрғындарын тазалықты сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.
«Таза бейсенбі» - бұл бір реттік акция емес, қаламыздың санитарлық жағдайын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстың бір бөлігі.