Меморандумның мақсаты тараптардың татуластыру рәсімдерін, медиацияны және қаланың мәслихат пен Қоғамдық кеңесіне келіп түсетін проблемалық мәселелерді шешудің баламалы тәсілдерін енгізу бойынша жан-жақты өзара іс-қимылын нығайту болып табылады.
Тараптар халықты татуластыру әдістерін қолдану мүмкіндіктері туралы хабардар етуге, сондай-ақ қоғамдағы жанжалдың алдын алуға және деңгейін төмендетуге бағытталған іс-шараларды бірлесіп іске асыру туралы уағдаласты.
Осы меморандумға сәйкес Өскемен қаласының тұрғындарына жеке консультациялық құқықтық көмекті тегін ұсыну көзделген.