Өскемен қалалық мәслихатының кезекті сессиясы барысында бірнеше мәселелер, оның ішінде мәслихаттың 2025 жылдағы қызметіне қатысты мәселе де қаралды. Отырыс шеңберінде қалалық мәслихат төрағасының, сондай-ақ инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының есептері тыңдалды.
Қаланың шет аймақтарының жағдайы мен даму перспективаларына ерекше назар аударылды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне бұрын басталған жөндеу жұмыстарының аяқталуын қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту, автобус маршруттарының тұрақты қозғалысын ұйымдастыру бойынша қажетті іс-шаралар жүргізу ұсынылды. Сондай-ақ, қала шетінде қосымша демалыс аймақтарын құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.
Қала әкімінің халықпен есеп беру кездесулерінде көтерілген мәселелерді шешу мақсатында «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Ново-Явленка ауылының шекараларын белгілеу туралы» Өскемен қаласы әкімдігінің және қалалық мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешімін қабылдады.
Осы шешімді қабылдау ауылдық жерлерде тұратын жұмыскерлер үшін жалақыға үстемеақы белгілеуді, сондай-ақ мектеп түлектері үшін ауылдық квота беруді қоса алғанда, ауылдық жерлерде көзделген мемлекеттік қолдау шараларын қолдануға мүмкіндік береді.