Ағымдағы жылдың 14 тамызында Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Ағымдағы жылдың 14 тамызында Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Ағымдағы жылдың 14 тамызында Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессия қорытындысы бойынша қала бюджетіне өзгерістер енгізілді. Түзету шеңберінде келесі бағыттарға қосымша қаражат бөлу көзделді:

- шұңқырларды жөндеу (күзгі кезең);

- контейнерлік алаңдарды кеміргіштерден өңдеу;

- автобус жолаушылар тасымалын субсидиялау;

- қысқы және жазғы кезеңдерде автомобиль жолдарын күтіп-ұстау;

-16-шы және 28-ші тұрғын аудандарды электрмен жабдықтау;

- жолдарды орташа жөндеу.

Сонымен қатар, кадрлық өзгерістерге байланысты Өскемен қаласының білім бөлімінің ведомствоаралық комиссиясының құрамына түзетулер енгізілді, сондай-ақ жер комиссиясының жаңа құрамы бекітілді.

Жер комиссиясының құрамына: қалалық мәслихат депутаттары, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің өкілдері, Қоғамдық кеңестің, жергілікті өзін-өзі басқару органының, мемлекеттік емес ұйымдардың, сондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кірді.