Қалалық мәслихат депутаттары облыстық мәслихат депутаттарының қатысуымен көшпелі отырыс өткізді, оның барысында қаланың медициналық мекемелеріне барды, атап айтқанда:
- Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы (1-ші қалалық аурухана), онда урология, травматология, инновациялық медицина бөлімшелерінде, сондай-ақ операциялық блокта жөндеу жұмыстары жүргізілуде;
- №1 емхана;
- Шығыс Қазақстан облыстық психикалық денсаулық орталығы (балалар бөлімшесі);
- Ана мен бала орталығы (балалар жұқпалы аурулар бөлімшесі).
Сапар қорытындысы бойынша денсаулық сақтау басқармасына кестеге сәйкес жоғарыда аталған медициналық мекемелерде жөндеу жұмыстарының аяқталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін медициналық мекемелерде жиһазды жаңарту мәселесін пысықтау қажеттігі туралы ұсынымдар берілді.