Қараусыз жануарларды аулау және ұстау бойынша тиімді шараларды әзірлеу үшін жұмыс тобының ұсынымдарының қорытындысы бойынша қалалық мәслихат депутаттары АБО филиалының мамандарымен, ветеринариялық қызметпен, полиция басқармасымен және "Досым" қорымен бірлесіп, үй жануарларын ұстау мәселесін, атап айтқанда, жануарларды чиптеуді жүргізу қажеттілігін түсіндіру мақсатында Меновное ауылында жеке секторда аулалық аралау жүргізді.
Аралау нәтижелері бойынша қор қызметкерлері үй жануарлары иелерінің келісімімен 7 итті чиптеді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.