Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында депутаттар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік инфрақұрылым және тұрғын үй қоры объектілерін жылу беру маусымына дайындау барысы туралы мәселені қарады.
Талқылау барысында жылу энергиясын жеткізушілер жылумен жабдықтаудың негізгі және қосалқы жабдықтары мен магистральдық желілерді жөндеуді жоспарлағанын, сондай-ақ "Өскемен ЖЭО" ЖШС 9 қазандық агрегаты мен 8 турбоагрегатты, "Согра ЖЭО" ЖШС №1, 2 турбогенераторды, №1 байланыс трансформаторын ағымдағы жөндеуді және №2 байланыс трансформаторын кеңейтілген ағымдағы жөндеуді орындауды жоспарлап отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, кондоминиум объектілерін басқару органдары жалпы үйге ортақ жылу жүйелерін тексеруді, ағымдағы жөндеуді бастады, ҰОС ардагерлері, мүгедектер, көп балалы отбасылар, зейнеткерлер, тыл еңбеккерлері, ауғандықтар, чернобыльдықтар үшін 25 мың тонна әлеуметтік көмір жеткізуге меморандум жасау жоспарлануда.
Қарау қорытындысы бойынша депутаттар жылу және су құбырлары желілерінің тозуының едәуір көлеміне назар аударды. Осыған байланысты депутаттар жылу беру маусымы басталғанға дейін Өскемен қаласы бойынша 12 км (29 учаске) астам жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұсынды, сондай-ақ қаланың тұрғын үй қатынастары бөліміне иесіз үйлердің жылу беру маусымына дайындау бойынша басқарушы компанияны айқындауға конкурс өткізу ұсынылды.
Түпкілікті шешім мәслихаттың кезекті сессиясында қабылданатын болады.