Сайлауалды бағдарламаның негізгі тезистері:
- 2028 жылға дейін алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету;
- білім беру ұйымдарында әлеуметтік осал отбасылардан шыққан мектеп жасындағы балаларды, барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
- компьютері жоқ балаларға арналған ұйымдастыру техникасын жалға беру бағдарламасының іске қосылуын бақылау және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан оқушыларға компьютерлерді тегін жалға алуға мүмкіндік беру;
- Өскемен қаласының әр ауданында баскетбол-волейбол алаңдарын салуға қол жеткізу;
- "7-20-25" бағдарламасы бойынша жас отбасыларға арналған тұрғын үй проблемаларын шешу.