PepsiCo көптеген халықаралық компаниялар үшін индикатордың бір түрі болып табылады

PepsiCo көптеген халықаралық компаниялар үшін индикатордың бір түрі болып табылады

Алматы облысындағы зауытқа PepsiCo компаниясы 160 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салады Америкалық PepsiCo компаниясы жеңіл тағамдар шығаратын зауыт 160 млн доллар инвестиция салады. Одан кейін жобаның екінші кезеңінде шетелдік инвесторлар тағы 200 миллион АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлап отыр. Компания Орталық Азиядағы картоп чипсы мен басқа да тұзды брендті тағамдардың ең ірі өндірушісі болады деп күтілуде. Зауыттың іске қосылуы 2026 жылға жоспарланған. « Жұмыс орындарының жалпы саны 350 болады. Ал құрылыс кезінде 1000-ға дейін жұмыс орындары ашылады. PepsiCo көптеген халықаралық компаниялар үшін индикатордың бір түрі болып табылады. Оның қуаттылығы бірте-бірте ұлғайған кезде жылына 20 мың тонна дайын өнімге өндіруге қауқарлы болады. Зауыт өнімдері Орталық Азия нарығына және одан тысқары жерлерге де шығады деп күтілуде»,-деді «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ержан Елекеев.