
14 наурыз күні Көрісу күні
2026 жылдың 14 наурыз күні Үлкен Ақсу ауылында қазақтың ежелден келе жатқан ізгі дәстүрлерінің бірі – Көрісу күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Бұл күні ауыл тұрғындары бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасып, ақжарма тілектерін арнады.
Шара барысында ауылдың ақсақалдары мен үлкендері жастарға ақ батасын беріп, ұлттық дәстүрдің маңызы туралы тағылымды әңгімелер айтты. Ауыл жастары да белсенділік танытып, мерекелік шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.
Мерекелік жиында Үлкен Ақсу ауылдық округінің әкімі құттықтау сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын Көрісу күнімен құттықтап, баршаға амандық, бірлік пен береке тіледі.
Көрісу күні – адамдардың бір-біріне деген құрметі мен сыйластығын арттыратын, ағайын-туыстың, көрші-қолаңның арасындағы татулықты нығайтатын ерекше мереке. Осындай игі дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, халқымыздың бірлігін айқындай түседі.
Баршаңызды Көрісу күнімен құттықтаймыз! Ақ мол болсын, жылымыз берекелі болсын!