Ұйғыр ауданының мәслихат төрағасы Н. Есжанның ауыл тұрғындармен кездесуі .
2026 жылдың 27 қаңтар күні Ұйғыр ауданының мәслихат төрағасы Н. Есжан аудандық мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының 2025 жылы атқарылған жұмысы туралы есептік кездесу өткізді.Жиын барысында Үлкен Ақсу ауылдық округінің әкімі М. Абдикаров халықпен 2026 жылдың І жартыжылдығына арналған кезекті кездесуін өткізіп, округ аумағында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған көкейкесті мәселелерді көтеріп, қойылған сұрақтарға тиісті әрі нақты жауаптар алды.Сонымен қатар, Үлкен Ақсу округінің учаскелік полиция инспектор полиция капитаны М. Ахметов баяндама жасап, 2025 жылдың атқарылған жұмысы бойынша және интернет, телефон алаяқтықтарының алдын алу бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды сақтық пен қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды.Аталған кездесу халық пен билік арасындағы ашық диалогты нығайтуға, өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге бағытталды.