
«Нашақорлық және интернет алаяқтарының алдын алу»
2026 жылдың 02 ақпан күні Кіші Ақсу ауылы орта мектебінде 8–11 сынып оқушыларымен нашақорлықтың алдын алу және интернет алаяқтықтарының алдын алу мақсатында түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шараға Үлкен Ақсу ауылдық округінің полиция инспекторы, капитан М.Ахметов, Үлкен Ақсу ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Г.Миталипова және салық маманы Н.Турганжан қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға есірткі заттарының зияны, интернет алаяқтық түрлері, олардың алдын алу жолдары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ, жастарды заңға бағынуға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және зиянды әдеттердің алдын алу.