
2026 жылдың 28 қаңтар күні Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары С.Жүмәділдің қатысуымен ауыл тұрғындарына арналған ауыл шаруашылығы бағытындағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға:
аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Б.Садыков,
жер қатынастары бөлімінің басшысы Ю.Миталипов,
кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Р.Амаров,
ветеринария бөлімінің басшысы Е.Досымбеков,
«КАЗСУШАР» мекемесінің басшысы З.Тохсунов қатысты.
Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған:
төмен пайыздық несиелеу бағдарламалары,
ауыл шаруашылығы техникаларын алу мүмкіндіктері,
дизель отынымен қамтамасыз ету тәртібі туралы жан-жақты ақпарат беріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар ұсынылды.
Аталған оқу-түсіндіру жұмыстары ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға және мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімділігін арттыруға бағытталды.