Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығымен бекітілген ««Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына» cәйкес Сіздерді «Үлкен Ақсу ауылы бойынша Хайдар Карим көшесінің атауын Юнус Хамраев деп атау туралы» мәселесі бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысына шақырамыз. Жиналыс 2025 жылы 14 шілде күні сағат 10-00де Ұйғыр ауданы Үлкен Ақсу ауылдық округі Үлкен Ақсу ауылының әкімшілік ғимаратының мәжіліс залында өтеді.
Қосымша мәлімет:
Үлкен Ақсу ауылдық округінің әкімі аппараты