«Ұлы Жеңіске – ұрпақтан тағзым!»

«Ұлы Жеңіске – ұрпақтан тағзым!»

«Ұлы Жеңіске – ұрпақтан тағзым!»

 

Сіздерді қасиетті де ұлы мереке – Жеңіс күнінің 79-жылдығымен  шын жүректен  құттықтаймыз! Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі.

Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымызды мәңгі есте сақтаймыз!
Отан үшін отқа түсіп, қан майданынан аман оралған қандастарымыздың алдында бас иеміз!
Құрметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері! Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бас иіп алғыс білдіреміз!

Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр тілейміз!

Жеңіс күні мәңгілік тарих болар,
Әр жыл сайын аталып өтілетін.
Жеміс гүлі тамырылап күйді берер,
Әр жыл сайын мықты боп жетілетін.

Тоғызыншы мамыр бұл, жеңіс күні,
Елестетер сұрапыл шайқастарды.
Желбіреген кез елестер жеңіс туы,
Көз алдына әкеліп жай жапсарды.

Қаншама адам айрылды бұл жанынан,
Отан үшін шайқаста жанын беріп.
Әлия мен Мәншүктер қазақ қызы,
Оққа тосқан кеудесін, тәнін беріп.