«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра»
Мақсаты:
Білімділік: Жастардың ой ұшқырлығын шыңдап, ата бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызығушылық сезімін оятып және өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыру.
Дамытушылық: Домбырадан – таралған тәрбие – білімнің қайнаған бұлағына, сарқылмас қазына, қазақ тіліне өз үлесін қосып келе жатқан үрдіске бағыттау.
Тәрбиелік: домбыра аспабы арқылы жеткен тәрбие қағидаларын үйреніп және пән аралық байланыстарын түсіндіру.
Құрметті қонақтар, әріптестер және студенттер!Сіздерді Тәуелсіздігіміздің жылдық мерекесімен құттықтаймын. Сырт көзге көріне бермейтін, мәні зор домбырадан қалыптасқан тәрбие үлгісі адамның ой ұшқырлығын шыңдауға, ата бабадан кәсіп болған дәстүрлі дамуға, өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыратыны анық. Домбырадан - таралған тәрбие – білімнің қайнаған бұлағына, сарқылмас қазына, дәстүр табиғатына, қазақ тіліне өз үлесін қосып келе жатқан үрдіс. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған. Байырғы кезде қазақ үйінің төрінде әрдайым домбыра ілулі тұрған немесе үй - ішінің біреуі домбырада күй шертпейтін отбасы қазақ арасында кемде - кем болған. Көпке белгілі, қазақтың халық арасында ең кең тараған музыкалық аспабы – домбыра. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып, немесе құрап жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі. Домбыраның екі ішектісінен басқа үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды. Бүгінгі іс шараға келіп қатысып бергендеріңізге мың алғыс.