
Таза Қазақстан акциясы аясында «Таза бейсенбілік»
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Таза сенбілік» өтті
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Тиірмен ауылдық округінде кезекті «Таза сенбілік» ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында ауыл көшелері, қоғамдық орындар, саябақ аумақтары мен жол жиектері қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері және еріктілер белсенді қатысып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Тазалық – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осындай игі бастамалар қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және ауылымыздың көркеюіне зор ықпал етеді.
Барша сенбілікке қатысқан азаматтарға белсенділіктері мен жанашырлықтары үшін алғыс білдіреміз!
#тазақазақстан
#тазаорта
#тазааула
https://www.instagram.com/reel/DbrsMySlezU/?igsh=d2VlbmdiZ3ZhaWJ1