
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 9 мамыр күні Тиірмен ауылында тазалық жұмыстары жүргізілді. Ауыл ішінің ұзындығы 16 км көше бойы қоқыстан тазартылды. 34 тонна қоқыс, арнайы орындарға төгілді. Сонымен қатар Тиірмен өзенінің бойы қоқыстан тазартылды. Қоғамдық орындар мен әкімшілік ғимараттар айналасы тазаланып, қоқыстар тиісті орындарға жеткізілді.Ауыл тұрғындарына өз ауласы мен өзіне тиесілі аймақтарды таза ұстау бойынша нұсқаулықтар берілді.