«Ұлы Жеңіске – мың тағзым!»

«Ұлы Жеңіске – мың тағзым!»

«Ұлы Жеңіске – мың тағзым!»

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Тиірмен ауылдық мәдениет үйінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырларымыз еске алынып, олардың рухына тағзым жасалды.

Мерекелік жиында патриоттық әндер орындалып, өлеңдер оқылып, қатысушыларға бейбіт өмірдің қадірі мен бірліктің маңызы насихатталды. Ауыл тұрғындары мен жастар батыр бабаларымыздың ерлігіне құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын қойды.

Осындай тағылымы мол шаралар жас ұрпақтың елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, отансүйгіштік рухын нығайтады.

✨ Жеңіс күні құтты болсын! Елімізде әрдайым бейбітшілік пен тыныштық орнасын!