
«Жастар және діни жауапкершілік»
2026 жылы 20 ақпанда әдіскер-нұсқаушы Г. Абдримованың ұйымдастыруымен және ауыл имамы С. Савутовтың қатысуымен «Жастар және діни жауапкершілік» атты кездесу өткізілді. Бүгінгі «Жастар және діни жауапкершілік» атты кездесуіміздің басты мақсаты – жас ұрпақтың рухани дамуына бағыт-бағдар беру, діни сауаттылығын арттыру және қоғам алдындағы жауапкершілігін түсіндіру.
Жастар – елдің болашағы, ұлттың тірегі. Діни жауапкершілік – адамның өз сенімін дұрыс түсініп, оны өмірінде ізгілік пен адалдық қағидаларымен ұштастыра білуі. Бұл тек құлшылық жасаумен ғана шектелмейді. Ол – ата-анаға құрмет, үлкенге ізет, кішіге қамқор болу, білімге ұмтылу және ел заңын сыйлау. Діни жауапкершілік – бұл тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның тұрақтылығы мен бірлігінің кепілі. Әрқайсымыз білімді, саналы, елін сүйетін азамат болуға ұмтылуымыз керек. Сонда ғана біз рухани бай, болашағы жарқын мемлекет құра аламыз.