«Ақсақалдарым – бағалы қазынам»

«Ақсақалдарым – бағалы қазынам»

«Ақсақалдарым – бағалы қазынам»

2026 жылы 13 ақпан күні әдіскер-нұсқаушы Г. Абдримованың ұйымдастыруымен «Ақсақалдарым – бағалы қазынам» атты қамқорлық акциясы өтті. Акция аясында ауылымыздағы  жалғыз басты қарт ана Т. Кумашованың ауласын қардан тазалап, көмірін кіргізіп қайттық. «Ақсақалдарым – бағалы қазынам» атты қамқорлық акциясының мақсаты – қарттарымызға құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесін жас ұрпаққа үлгі ету және мейірім мен жанашырлықты дәріптеу.  Бүгінгі жас буын қариялардың батасын алып, олардың өмір жолынан өнеге алуы тиіс. Себебі әрбір ақсақал – тарихтың тірі куәсі, ұрпаққа бағыт берер шамшырақ.

Қарияларымызды қадірлеу – бұл біздің адамгершілік парызымыз. Олардың ақ тілегі мен батасы – елдің берекесі мен бірлігінің кепілі.