«Поэзия әлемі»

«Поэзия әлемі»

«Поэзия әлемі»

2026  жылы 9 ақпан күні Тиірмен ауылдық округінің әдіскер - нұсқаушысы Г. Абдримованың ұйымдастыруымен кітапхана меңгерушісі Ж.Бақаева және ТҚОМ оқушыларының қатысуымен  Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған «Поэзия әлемі» атты әдеби кеш өтті. Аталмыш шараның мақсаты жастарға Мұқағали Мақатаевтың поэзиясын таныту, әдебиетке сүйіспеншілігін арттыру және рухани тәрбие беру. Мұқағали Мақатаев — шындықты жырлаған, халықтың жүрегінен орын алған ақын. Оның өлеңдері — туған жерге, анаға, адамға деген махаббатқа толы.

«Поэзия — менімен егіз бе едің?»

— деп жырлаған ақын мұрасы — мәңгілік.

Мұқағали жыры — жүрегімізде,

Мұқағали рухы — халқымен бірге.