
«Қамқор қол»
2026 жыл 5 ақпан күні «Қамқор қол» атты әлеуметтік қолдау шарасы өтті. Шара барысында ауылымыздағы жалғыз басты қарт апа Ж. Есимбекова үйіне барып әлеуметтік көмек көрсетіп қайттық.«Қамқор қол» атты әлеуметтік қолдау шарасы — қоғамның әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарын қолдау мақсатында ұйымдастырылатын ауқымды бастама. Мұндай бастаманың негізгі мақсаты — тұрмыс деңгейі төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, көпбалалы аналарға, жалғызбасты қарттарға, және басқа да әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға көмектесу. Адамдар бір-біріне көмек көрсету арқылы елде азаматтық қоғамның дамуына үлес қосады.