
«Ауыл тұрғындарының НАЗАРЫНА!!!»
Құрметті ауыл тұрғындары ауыл ішінде рейдтік іс-шаралардың басталғанын хабарлаймыз! Ауыл шаруашылығы жануарларын қоғамдық орындарда қараусыз қалдырмауларыңызды сұраймыз. Сонымен қатар ит және мысық үй жануарларын бос жібермей, байлауда ұстау керектігін ескертеміз! Иесіз жүрген иттер балалардың, жалпы ауыл тұрғындарының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.Көше бойы қоғамдық орын болып саналады. Үй жануарлары әсіресе сиыр көше бойын ластап және көлік қозғалысына кедергі келтіріуде. Мектеп оқушылары кей жағдайда айналып өтуге мәжбүр. Сондықтан бүгінен бастап учаскелік инспектор және ветеринария мамандары көшелерде рейдтік іс-шара өткізеді. Қ.Р Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 408-бапына сәйкес 3 айлық есептік көрсеткіште (12975тг) айыппұл салу көзделген. Сиыр, жылқы, т.б ауыл шаруашылығы жануарларын қоғамдық орындарда бос жібермей, тиісті орындарда (қора,аула, ауылдың шеткі бөлігіндегі жайылымдық жерлер) ұстауларыңызды сұраймыз! Рейдтік іс-шара қаңтар және наурыз айлары арасында тұрақты жүргізілетін болады.