
16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні!!!
Құрметті жерлестер, қадірлі ағайындар!
Сіздерді мемлекетіміздің ең ұлық мейрамы - Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
16 желтоқсан - ата-бабамыздың сан ғасыр бойы аңсаған асқақ арманы мен ақжарма тілегі орындалып, жарқын жасампаздық пен үкілі үміті үстем болып, егемен еліміздің еркін дамуына айқара жол ашқан - қасиетті де қастерлі күн.
Тәуелсіздікті алған сәттен бастап, Елбасымыздың сарабдал саясатының, көреген көшбасшылығының арқасында Қазақстан мемлекеті жаңа жетістіктер және табысты өзгертулермен тамаша жалғастырып, үлкен жетістіктерге жетті. Тәуелсіздік жылдарының ішінде біз әлемдік құрмет пен үлкен белестерге қол жеткіздік.
Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру, бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болсын.
Осынау ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!
Құрметпен,
Тиірмен ауылдық округінің әкімі М.Насыров