Департаментпен қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді

Департаментпен қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді

Департаментпен қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді

Әдеп кодексінің маңыздылығы

Тұтас бір қоғамда тіршілік етіп отырған соң ондағы қарапайым адамдар белгілі бір әдепке сай қарым-қатынас жасайтыны белгілі. Ал, күнделікті қызметінде тұрғындардың түрлі уәждеріне құлақ асып, олардың мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілерге тиісті әдеп нормаларын сақтау басты міндет.

Мемлекеттік қызметшілердің басты ережесі саналатын Әдеп кодексі Қазақстан Республикасы Президентінің  «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен бекітілген.

Бұл кодекс мемлекеттік қызметкерлердің қызметтегі және күнделікті өмірдегі жүріс-тұрыстарының жаңа стандартын түзді.

Негізінен мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытынан бос уақыттарында да Әдеп кодексін қатаң ұстауы міндетті.

Демек қызметкер барынша сыпайы, өзінің лауазымдық артықшылығын жеке басының пайдасы үшін  қолданбайтын адал, кез-келген сәтте сабырлы, ұқыпты болғаны жөн.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің  жеке өмірінде де аңдап басып, өз ісімен өзгеге үлгі болуды естен шығармағаны абзал.

Олардың күнделікті міндеті қарапайым адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы жүзеге асырылатынын ескерсек, мемлекеттік қызметшіге кәсіби біліктілікпен қатар адамгершілік қасиеттер де ауадай қажет. 

Қалай десекте,  мемлекеттік қызметшінің күнделікті өмір салты тиісті заң талаптарына толық сай болғаны дұрыс.

Демек, Әдеп кодексі бүгінгі таңдағы мемлекеттік қызметшінің жеке бет бейнесін көрсететін айна екенін ұмытпауымыз қажет.

Сондықтан, әрбір мемлекеттік қызметші қызметтік әдепті сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолдануы тиіс, ал қоғам мемлекеттік қызметшіні өз күш-жігерін, білімін және атқарып отырған кәсіби қызметіндегі тәжірбиесін сала отырып, адал өз Отанына – Қазақстан Республикасына қызмет ететіндігіне сенуі қажет.

 

Олжас Танатұлы Қалымжан,

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің

Мемлекеттік қызмет саласындағы

бақылау басқармасының бас маманы

Өркендеу өзектілігі – әдептен

 

Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрінуіне негізделген.

Өз кезегінде, халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы-әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті болып табылады.

Сондықтан, бүгінгі күні мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуде. Кәсібилік пен әдептілік қосылып, мемлекеттік қызметшінің тұтас имиджін көрсетеді.

Осыған орай, әрбір мемлекеттік қызметші өзіне үлкен жауапкершілік жүктелгенін, мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын және қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануды әрдайым назарда ұстауы қажет.

Мемлекеттік қызметші азаматтардың мүдделерін бәрінен жоғары қоюы керек және жүктелген міндеттемелерді адал орындауды өз міндеті деп санауы тиіс.

Сонымен қатар, әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы кезінде: әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан аулақ болуға және басшылар қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде: меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеуге тиіс.

Бірақ, мемлекеттік қызметшілердің жағымды бейнесі оның кәсіби қасиеттерімен ғана шектелмейді. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілер Әдеп кодексінің басты міндеттерінің бірі-қызметкердің мінез-құлқының және өзге адамдармен қарым-қатынасының оңды болуын қамтамасыз ету, әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды болдырма, жұмыстан тыс кезде заң бұзушылықтарға жол бермеу мәселелеріне назар аударуы қажет.

Бұзушылықтарды азайту мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен өңірдегі барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен өткен оқиғаларға, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметшілердің жағымсыз жағынан аталуы және сынға алынған мақалаларға мониторинг жүргізіліп отырады.

Өз кезегінде, әлеуметтік желілерде жарияланған мемлекеттік қызметшілерге қатысты сыни мақалаларда, сондай-ақ Департаментке түсетін арыз-шағымдарда мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп кодексінің талаптарын сақтамау және қызметтік міндеттерін сапалы атқармау деректері қоғамдық сынға ұшырап, аталған жағдай мемлекеттік қызмет жүйесіне кері әсерін тигізуде.

Бұл ретте, мониторинг нәтижесіне сәйкес,  2024 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияланған сыни мақалаларда көрсетілген фактілердің басым көпшілігі әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге қатысы бола бермейтіндігін атап өтуге болады.

Бұдан шығатын қорытынды, бәсекеге қабылетті мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасуында мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігімен қатар,олардың әдептілігі де маңызды, себебі әдептілік мемлекеттік қызметтің – басты ұстанымдарының бірі екендігін естен шығармауымыз қажет.

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің мақсаты мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс кезде де адалдығына, ар-ұятына, әдептілігіне қатысты жұрттың күмәнін тудырмау. Оның парасаттылық және адалдық сияқты тәртіптік әдеп стандарттарын сақтай отырып өз ұйымының беделін түсірмеуі қажет екендігін көрсететін әрекеттері, қылықтары және өзін-өзі ұстауы мемлекеттік қызметші деген атаққа кір келтірмеуі,үлгілі мінез-құлқы ізеттілік пен адалдықтың маңызды көрінісі болып саналады.

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын сақтап, оны мүлтіксіз орындау әрбір қызметкердің қоғамдағы жауапкершілігі мен міндеті болып саналады.

 Мадияр Болатұлы Исебаев,

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің

Мемлекеттік қызмет саласындағы

бақылау басқармасының басшысы