
Электронды үкімет елге пайдалы.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша депортаментінің облыс аумағында мемлекуеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатындағы 2023 жылға арналған іс-шара жоспары аясында Қырғызсай ауылдық округінде 2023 жылдың 27-наурызында «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтер бойынша ауыл тұрғындарына ақпараттық-насихат жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты – жаңа технологияларға негізделген цифрландыру арқылы ашықтық пен жеделділік қалыптастыру.
Насихат жұмыстары кезінде тұрғындарға жиі қажет болатын ЭЦҚ кілтін ашу, ұзарту және түрлі анықтамаларды алу жолдары көрсетіліп, кейбір тұрғындар оны практика жүзінде қолданып, «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы қажетті анықтаманы өз бетімен шығарып көрді.