Тазалық – денсаулық кепілі, береке бастауы. Ауылымызда ұйымдастырылған акцияларға барлық мекемелермен, ауыл тұрғындарымен 300 ден аса адам сенбілікке қатысып ауыл ішіне тазалық жұмыстарын жүргізді.Тазалық болған жерде құт пен ырыс бар. «Ауылына қарап азаматын таны» демекші, ел туралы пікір оның ауыл-аймағына қарай айтылады. Айналамыз таза, көрікті болса, біз туралы айтылар ой да жақсы болмақ. Сондықтан өңірімізді таза ұстайық, ластамайық, өскелең ұрпаққа үлгі болайық. Республикалық бастаманы бірге қолдайық, Тасқарасу ауылдық округінің ақсақалдар алқасының мүшесі Масутов Шамшидин Камирдинович