“ESIRTKIGE JOL JOK”

“ESIRTKIGE JOL JOK”

22.11.2024 ж. Тасқарасу ауылдық округінде “ESIRTKIGE JOL JOK” атты медия жоспар аясында ауыл арасында футбол ұйымдастырылды. Ауыл жастарына бұқаралық спорт түрлерін насихаттау арқылы есірткі тұтынуға қатысты теріс көзқарасты қалыптастыру және салауатты өмір салтын сақтауға шақыру мақсатында футболдан жарыс ұйымдастырылып өткізілді. Аталған жарыста жеңімпаздар арнайы мақтау қағаздары және сыйлықтармен марапатталды.