
Аудан әкімі Тасқарасу ауылы тұрғындарымен кезекті тұрақты кездесу өткізді. Жиын басында әкім атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы жоспарлар мен жүзеге асырылатын жобалар туралы мазмұнды баяндама жасады.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан су каналдарын тазалау, спорт саласына демеушілік көрсету және ауыл көшелерінің жағдайы туралы мәселелер көтерілді. Ауылдың тыныс-тіршілігіне тікелей әсер ететін бұл ұсыныстар мұқият тыңдалып, олардың кезең-кезеңімен шешілетіні жеткізілді.