Аудан әкімі Бота Серікқызы Тасқарасу ауылдық округінің тұрғындарымен кезекті тұрақты кездесуін өткізді.

Аудан әкімі Бота Серікқызы Тасқарасу ауылдық округінің тұрғындарымен кезекті тұрақты кездесуін өткізді.

Кездесу барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инженерлік инфрақұрылым, көше жарықтары, ауыз су мен ауыл шаруашылығына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Тұрғындар өз ұсыныстарын айтып, толғандырған сұрақтарына жауап алды.

Бота Серікқызы әрбір мәселенің назарда екенін айтып, ауылды дамыту бағытындағы алдағы жоспарларымен бөлісті.
Тұрғындармен ашық диалог — ауданның тұрақты дамуының басты кепілі.