Құрметті Сүмбе, Шошанай ауылдарының жас келіндері! 7 наурыз күні сағат 10:00-де Сүмбе орта мектебінің мәжіліс залында «Қазақтың келіндері – ай» атты келіндер сыны байқауы өтеді.

Құрметті Сүмбе, Шошанай ауылдарының жас келіндері!  7 наурыз күні сағат 10:00-де Сүмбе орта мектебінің мәжіліс залында «Қазақтың келіндері – ай» атты келіндер сыны байқауы өтеді.

Құрметті Сүмбе, Шошанай ауылдарының жас келіндері!

7 наурыз күні сағат 10:00-де Сүмбе орта мектебінің мәжіліс залында
«Қазақтың келіндері – ай» атты келіндер сыны байқауы өтеді.

🔹 Қатысушылардың жас ерекшелігі: 30 жасқа дейін
🔹 Байқау 5 бөлімнен тұрады:

1️⃣ Өзін таныстыру – өлең, ән немесе қара сөз (3 минут)
2️⃣ Өз өнерін көрсету – би, ән, өлең немесе көрініс (3 минут)
3️⃣ Сұрақ-жауап (салт-дәстүр, ырым-тыйымдар)
4️⃣ Ас мәзірі – қатысушы өзі дайындаған тағамды жасап жатқан барысы бойынша 3 минуттан аспайтын бейнеролик ұсынады және дайын тағамды сайысқа бірге алып келеді
5️⃣ «Ана көрген тон пішер» – қолөнер бұйымын жасау барысы көрсетілген 3 минуттан аспайтын бейнеролик дайындап, дайын қолөнер бұйымын сайысқа бірге алып келеді

Барша жас келіндерді байқауға белсенді қатысуға шақырамыз!