"Тұған жер - таза жер" акциясы

"Тұған жер - таза жер" акциясы

Шонжы ауылдық округінің әкім аппаратының қызметкерлері мен қоғамдық жұмыскерлердің қатысуымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Туған жер – таза жер» тазалық акциясы өтті. Іс-шара барысында Шонжы ауылының көшелері мен қоғамдық орындары қоқыстан тазартылып, абаттандырылды. Акцияның нәтижесінде «до и после» фотосуреттері түсіріліп, жүргізілген жұмыстардың айқын нәтижесін көрсетті.

Мұндай шаралар қоршаған ортаны қорғауға және қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған. Әрбір азамат өз үлесін қосып, табиғатты қорғауға атсалысуы маңызды.