Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі

2025 жылдың 19 наурызында Шонжы ауылының Абай көшесінің тұрғындары Ұлыстың ұлы күнін ерекше сән-салтанатпен атап өтті. Көше бойында арнайы мерекелік дастархан жайылып, ұлттық тағамдары әзірленді.
Мерекелік шара аясында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ұлттық ойындар ойнатылды. Абай көшесінің тұрғындары белсенділік танытып, Наурыз мерекесін жоғары деңгейде атап өтті.
Көктемнің шуақты мерекесі құтты болсын! Баршаңызға молшылық, береке, бірлік тілейміз!