2025 жылды Елбасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған болатын. Осы бастама аясында елімізде кәсіпкерлікке, әсіресе ауыл шаруашылығына ерекше көңіл бөлінуде.
Бүгін біз Шонжы ауылындағы “Ауыл аманаты” бағдарламасы бойынша жеңілдетілген 2,5% жылдық мөлшерлемемен 9 200 000 теңге несие алып, “Ломан Браун” тұқымды тауық өсірумен айналысып жатқан Түргенбаева Наргиз Сыдыққызы мен оның жұбайы Түргенбаев Болаттың жеке шаруашылығына келдік.
Бұл отбасы бұрыннан құс шаруашылығымен айналысып, тәжірибе жинақтаған. Ал бұл несие олардың үй құс фабрикасын кеңейтіп, жергілікті тұрғындарды табиғи әрі сапалы үй жұмыртқасымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
“Ломан Браун” – жоғары өнімді тауық тұқымы, ол сапалы жұмыртқаларымен ерекшеленеді. Осылайша, Түргенбаевтар отбасының кәсібі ауылдың экономикалық дамуына үлес қосып, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға ықпал етуде.