Құрметті ақ жаулықты аналар мен аяулы арулар!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер – отбасының тірегі, сүйіспеншілік пен мейірімнің, ізгілік пен сұлулықтың символысыздар. Еңбектеріңізбен, даналықтарыңызбен, қамқорлықтарыңызбен айналаңыздағы адамдарға жылулық сыйлап, ауылымыздың гүлденуіне үлес қосып келесіздер.
Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға амандық және барлық армандарыңыздың орындалуын тілеймін! Әр күндеріңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын!
Құрметпен,
Шонжы ауылдық округінің әкімі Адилжан Аширов